ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН МОДЕЛЬДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.818Түйінді сөздер:
модельдеу, бизнес-модель, бизнес-процес, көлік-логистика компаниясы, ресурс, қызмет, инновациялық технология, тасымалдау, жеткізуАннотация
Ғылыми мақалада табысты тәжірибелердің мысалдарын қоса алғанда, Қазақстандағы көлік-логистикалық компаниялардың жұмысын модельдеу мәселелері келтірілген. Зерттеудің мақсаты – бизнес-модельдердің тиімділігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау және басқару стратегияларын жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Зерттеу мақсатына сәйкес бизнес-процестерді оңтайландырудың негізгі мәселелері мен мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу нысандары Қазақстандағы көлік-логистикалық компаниялар болып табылады. Қазіргі уақытта олар қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, жоғары бәсекелестік және инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігі сияқты бірқатар қиындықтарға тап болды. Бұл факторлар тұрақты дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады және қолданыстағы бизнес үлгілері мен стратегияларын қайта қарауды талап етеді. Қазақстандағы көлік-логистикалық компаниялардың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына баға берілді. Жаңа технологияларды енгізу айтарлықтай инвестицияларды қажет ететіндіктен, көлік-логистикалық компанияларды қолдау мен қаржыландырудың тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу маңызды. Логистикалық саланың тұрақты дамуына қол жеткізу және көліктік-логистикалық компаниялардың бизнес-модельдерін жетілдіру мақсатында мынадай шаралар ұсынылды: ресурстарды басқару процестерін жақсарту және логистикалық операцияларды оңтайландыру; жүктерді тасымалдау және өңдеу саласында инновациялық шешімдерді дамыту және енгізу; қаржылық басқаруды оңтайландыру және инвестициялар тарту жөніндегі ісшаралар; қызмет көрсетудің технологиялық процестерін ескере отырып, Қазақстандағы көліктік-логистикалық компаниялар жұмысының тиімді моделі ұсынылды. Бүгінгі таңда жаңа ұсыныстардың нәтижесінде көлік-логистикалық компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, олардың қаржылық жағдайын жақсарту және көлік-логистика саласында инновациялық технологияларды табысты енгізу күтілуде.




