БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ФИЗИКАНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Авторлар

  • Шерзод Раманкулов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті sherzod.ramankulov@ayu.edu.kz
  • Макпал Нуризинова ВКУ имени Сарсена Аманжолова makpal.nurizinova@gmail.com
  • Елмұрат Досымов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті dossymov.elmurat@ayu.edu.kz
  • Әсем Аханова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті assem.akhanova@ayu.edu.kz

DOI:

https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.501

Түйінді сөздер:

CLIL технологиясы, оқыту принциптері, болашақ физика мұғалімдері, , ағылшын тілі, дамыту

Аннотация

Индустрия 4.0 жағдайында еліміздің жаратылыстану және инженерлік салада әлемдік қауымдастықта беделді орын алу жолы ретінде - ағылшын тілін меңгерген болашақ мамандарды заман талабына сай өмірге бейімдеу, олардың бәсекелестік қабілеттерін дамыту бойынша зерттеулер арта түсті. Ғылым бір орында тұрмайды, онымен бірге қазіргі білім беру жүйесі де өзгеруде. Әрине, білімгер тек ақпаратты пассивті тыңдап, есте сақтап қана қоюы жеткіліксіз. Қазір алған білімдерін қолдана білу ғана емес, сонымен қатар жаңа шешімдерді өз бетінше құру, қолда бар деректерді сыни тұрғыдан қайта қарастыру және ғылым мен техниканың бұрын пайдаланылмаған мүмкіндіктерін ашу маңызды. Ол үшін ағылшын тілін терең меңгеру қажеттігі туындайды. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – болашақ физика мұғалімдерінің ағылшын тілінде даярлығын дамытудың қағидалары мен мазмұнын айқындау болып табылады. Мақалада CLIL (пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту) әдістері қарастырылады және физиканы ағылшын тілінде оқыту бойынша оқулықтар мен цифрлық ресурстарды дайындау кезінде осы әдістемені енгізудің мүмкіндіктері мен мазмұны келтірілген. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді, оқулықтар мен цифрлық ресурстарды талдаумен қатар, физика және инженерия саласындағы білім беру бағдарламаларының студенттеріне сауалнама, бақылау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сауалнамаға 30 мектеп физика мұғалімдері қатысты. Зерттеу нәтижелері жаратылыстану және инженерия бағытында физика пәні бойынша білім алатын студенттерге CLIL сипатында әзірленген оқулықтар, дәптерлер жасау қажеттілігі дәлелденген. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері болашақ физика мұғалімдерінің ағылшын тіліндегі даярлығын дамытудың қағидалары мен мазмұнын жасауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер жоғары және орта білім беру мекемелерінде физиканы оқыту үдерісінде, біліктілікті арттыру курстарында қолданылады.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Загрузки

Жарияланған

2023-06-30

Бөлісу

Мақаланы поштамен жіберу

БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ФИЗИКАНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Алушы мақалаға сілтеме мен PDF тіркелген хат алады.

немесе өз пошта бағдарламаңызда ашу

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##