ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ФИЗИКА МЕН МАТЕМАТИКАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ключевые слова:
әл-Фараби, ғылым, әдістеме, физика, математика, пәнаралық байланыс.Аннотация
Қазақ топырағынан шыққан, дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің, оның ішінде математиканың дамуына зор ықпал еткен ірі тұлғалардың бірі – Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.). Оның сан-салалы трактаттары ғылымның барлық дерлік салаларын қамтиды. Ұлы ойшыл шығармаларында мате-матика мен математиканы оқыту мәселелері де ерекше орын алады. Фарабидің пікірінше, математика адам-ның білімін тереңдете түсіп әрі басқа ғылым салаларының дамуына тікелей әсер тигізсе, физика – табиғат туралы, оның негізгі принциптері мен бөліктері жайлы, табиғи денелерге тән акциденциялар туралы, табиғи деректер мен элементтердің өзара әсері жайлы ғылым. Ғалымның педагогика ілімі бойынша жазған еңбегі-нен тәлім-тәрбие, білім беру мәселелері өзара тығыз байланыста болуы керек екендігі аңғарылады. Мақалада әл-Фарабидің осы бағытта жазылған бірқатар еңбектеріне шолу жасалып, физика мен математиканы оқытудағы пәнаралық байланыстың әдістемелік жақтары баяндалған.