КОНЦЕПЦИЯ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ ГОСТИНИЧНОГО БИЗНЕСА НА ОСНОВЕ ЦИФРОВОЙ ТРАНСФОРМАЦИИ И ЭКОЛОГИЧЕСКОГО МЕНЕДЖМЕНТА

Авторы

  • Дүйскенова Р.Ж. доктор PhD, и.о. ассоциированного профессора кафедры «Туризм и сервисное обслуживание», Алматинский технологический университет, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-7011-8229
  • Абуова Ж.У. докторант первого курса «Ресторанное дело и гостиничный бизнес», Алматинский технологический университет, Алматы, Казахстан
  • Кадырбекова Д.С. PhD, Казахская академия спорта и туризма, Алматы, Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.32014/2026.2518-1467.1170

Ключевые слова:

устойчивое развитие, гостиничная индустрия, цифровая трансформация «зеленые» технологии, экологическое управление, инновационный менеджмент, концепция

Аннотация

Зерттеу пандемиялық жағдайдың туристік  ндустрияға әсерін, оның ішінде заманауи қонақүй индустриясының тұрақты түрде дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңашылдықтарды қарастырады. Цифрлық трансформация мен экологиялық басқару құралдарын тиімді үйлестіру бағыттары мен жасыл қонақүй жүйелерін зерттейді. Экономикалық және табиғи ресурстарды барынша ұтымды қолдану, қоршаған ортаның төңірегіндегі жүктемені азайту, сондай-ақ көрсетілетін  қызметтердің сапасын арттыру заманауи технологиялық шешімдерді белсенді енгізуді талап етеді.

Жұмыста цифрлық технологиялар мен  жасанды интеллект құралдары, деректер мен көрсеткіштерді барынша өңдеу, талдау жүйелері, қонақүйлерде энергия тиімділігін арттыру кешендері, «жасыл» стандарттарды қолдану жүйелері, қонақүй кешендеріндегі қалдықтарды басқару үрдістері толықтай талданады.

Зерттеу барысында қонақүй бизнесін дамыту үшін экологиялық басқарудың маңыздылығы анықталады. Ал зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми басылымдарға шолулар мен ресми статистикалық және аналитикалық материалдар, талдау және салыстыру жүйелері болды. Дереккөздер цифрлық трансформация және экологиялық басқару жағдайында орнықты даму тұжырымдамасының негізгі ережелерін ашуға мүмкіндік береді.

Нәтижелер осы тұжырымдамаларды енгізу мен қызмет көрсету үрдістерін оңтайландыруға, ресурстарды ұтымды пайдалануға және қонақүйлердің беделін арттыруға үлес қосады. Сондай-ақ олардың нарықтағы бәсекелестік позицияларын нығайтуға ықпалын толықтай көрсетеді. Зерттеу аясында қонақүй кәсіпорындарының қызметіндегі цифрлық және экологиялық бастамаларды үйлестіруге бағытталған кешенді тұжырымдамалық моделі ұсынылады. Атаулы модель тұрақты дамудың қағидаттарын барынша сақтап, қонақүй индустриясында инновациялық, экологиялық бағдарланған және қауіпсіз, әлеуметтік жауапты тәжірибелерді тиімді енгізуге негіздеме болады.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Биография автора

Дүйскенова Р.Ж., доктор PhD, и.о. ассоциированного профессора кафедры «Туризм и сервисное обслуживание», Алматинский технологический университет, Алматы, Казахстан

PhD, и.о. ассоциированного профессора, Алматинский технологический университет, г. Алматы, Казахстан,
E-mail: raigul19@mail.ru, ORCID: 0000-0002-7011-8229

Загрузки

Опубликован

2026-04-30

Как цитировать

Дүйскенова, Р., Абуова , Ж., & Кадырбекова , Д. (2026). КОНЦЕПЦИЯ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ ГОСТИНИЧНОГО БИЗНЕСА НА ОСНОВЕ ЦИФРОВОЙ ТРАНСФОРМАЦИИ И ЭКОЛОГИЧЕСКОГО МЕНЕДЖМЕНТА. Scientific Journal of Pedagogy and Economics, 420(2), 479–493. https://doi.org/10.32014/2026.2518-1467.1170