ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК
DOI:
https://doi.org/10.32014/2021.2518-1467.152Ключевые слова:
личность, преподаватель, студент, обучение, вуз, взаймодействие, общение, стиль.Аннотация
мақала жоғары оқу орындарындағы оқытушысының кәсіби педагогикалық қызметінің мәселесін теориялық негізде түсінуге, психологиялық және педагогикалық аспектілер тұрғысынан «оқытушы-студент» педагогикалық өзара әрекеттесу мәселесін теориялық талдап, зерттеуге арналды.
Сондай-ақ, жоғары мектепте оқу процесін ізгілендіруде ерекше орын алатын оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттесу мәселелері көтеріледі. Автор «оқытушы-студент» өзара әрекеттесуі белгілі бір сипаттамаларды ескеріп, жүзеге асырудың тиімділігін, атап айтқанда студенттің кәсіби дамуына бағытталған нақты мақсатқа ие екенін айтады. Қазіргі жоғары оқу орындарындағы «оқытушы – студент» жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі көрсетіліп, зерттеу әдістері нақтыланды, бұнда педагогикалық қарым-қатынас жеке сипатқа ие болады. Осылайша жоғары оқу орындарындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін, оқытушының студенттермен жеке деңгейде қарым-қатынасының мақсатты түрде ұйымдастыру қажеттілігі айқындалды. Сондай-ақ қазіргі жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қарым-қатынас тиімділігінің негізгі критерийлері анықталды.
Скачивания
Загрузки
Опубликован
Версии
- 2021-08-15 (3)
- 2021-08-26 (2)
- 2021-08-15 (1)