«НАНОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ НАНОМАТЕРИАЛДАР» ПӘНІНІҢ ОҚУ МАЗМҰНЫН ҚҰРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ОҚЫТУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Авторлар

  • Bakdaulet Anas Sarsen Amanzholov East Kazakhstan University anas_bakdaulet@mail.ru
  • Мажын Скаков Сәрсен Аманжолов атаындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • Шерзод Раманкулов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті sherzod.ramankulov@ayu.edu.kz
  • S. Eser Sakarya University, Turkey, Sakarya. anas_bakdaulet@mail.ru

DOI:

https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.656

Түйінді сөздер:

нанотехнология, наноматериалдар, принциптер, білім мазмұны, оқыту кезеңдері

Аннотация

Аннотация. Қазіргі уақытта білім берудің барлық деңгейінде, білім алушыларға, атап айтқанда, болашақ физика мұғалімдеріне нанотехнология саласында білім беру өзекті мәсле болып табылады. Нанотехнология саласының қарқынды дамуы, оның көптеген техникалық және ғылыми пәндермен, сондай-ақ, қолданыстағы өнеркәсіптік технологиялармен байланысын арттыра түседі. Нанотехнологияның негізгі білімдерін меңгеру оқушылар мен студенттердің жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласы бойынша жаңа нәтижелерге жетелейді.

Болашақ физика мұғалімдерін нанотехнология саласына даярлаудың басты мақсаты - соңғы жылдары өте танымал, әрі қажетті салаға айналған нанотехнология саласындағы білікті мамандарға  деген қажеттіліктің туындауы белгілі. Сондықтан аталған салада ғылыминың даму жетістіктерін терең игеру қажеттігі туындайды. Осыған сәйкес бұл зерттеудің негізгі мақсаты – болашақ физика мұғалімдерін нанотехнология саласына оқытудың мазмұнын айқындау және оқыту үдерісін мазмұнға сәйкес тиімді іске асырудың кезеңдерін анықтау болып табылады.

Зерттеу барысында қолданылған теориялық зерттеу әдістері, анализ және салыстыру жұмыстары 3 кезеңнен тұратын нанотехнология саласындағы білімдерді оқытудың тізбегін айқындап, «Нанотехнология және наноматериалдар» пәнін жоғары оқу орындарында оқытудың мазмұнын жасауда негізге алынған қағидалар тұжырымдалды.

Бұл зерттеудің нәтижелері болашақ физика мұғалімдерін нанотехнология саласына даярлауды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Биографии авторов

Мажын Скаков, Сәрсен Аманжолов атаындағы Шығыс Қазақстан университеті

ф.-м.ғ.д., профессор, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, С.Аманжолов атаындағы Шығыс Қазақстан университеті

Шерзод Раманкулов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

PhD, қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Загрузки

Жарияланған

2024-02-29

Бөлісу

Мақаланы поштамен жіберу

«НАНОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ НАНОМАТЕРИАЛДАР» ПӘНІНІҢ ОҚУ МАЗМҰНЫН ҚҰРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ОҚЫТУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Алушы мақалаға сілтеме мен PDF тіркелген хат алады.

немесе өз пошта бағдарламаңызда ашу