CҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗДАРЫН МОНОЖӘНЕ БИМЕТАЛДЫҚ КАТАЛИЗАТОРЛАРДА ӨҢДЕУ

Авторы

  • Orynbassar R.O
  • Aubakirov Y.A
  • Zhumabekova. A.K
  • Tastanova L.K
  • Zakumbayeva G.D
  • Tuktin B.T

Ключевые слова:

катализатор, хром, лантан, сұйытылған көмірсутек газы, микродифракция, конверсия, олефиндер

Аннотация

Ұсынылып отырған жұмыста сұйытылған мұнай газдарының өндірілу аймақтары мен
кенорындардағы қоры қысқаша келтірілген. Сұйытылған көмірсутектік газдардың қолданылу саласы,
олардың каталитикалық өзгеріске ұшырауы, өнімдер алудағы маңыздылығы сипатталған. Наноқұрылымды
және наноөлшемді катализаторлардың катализ процестерінде кеңінен қолданылуы мен олардың қасиеттері
әдеби шолулар бойынша келтірілді. Cr/SiO2 негізіндегі моно - және биметалдық катализаторлар қатысында
С3-С4-алкандардың өзгеруі қарастырылады. Электрондық микроскоп әдісімен лантанмен модифицирленген
катализатор құрамындағы хромның әртүрлі жоғары дисперсті оксидтері, олардың бір-бірімен және тасымалдаушымен өзара әрекеттесетіндігі, сонымен қатар электрондық парамагниттік резонанс мәліметтеріне сәйкес
хромның бес- және үш валентті күйде болатындығы анықталды. Моно- және биметалдық катализаторларға
физикалық-химиялық әдістермен: ИҚ-спектроскопия, микродифракцияны қолдана отырып, электронды
микроскопия (ЭМ), ЭПР зерттеулер жүргізілген. Жұмысты жүргізу кезінде монометалдық катализаторлар
хром мөлшері 2-10% масс. аралығында, биметалдық лантан-хром құрамды катализатор 1/1 қатынаста
5% La-Cr/SiO2 түрінде дайындалды, процесс температурасы 400-ден 6500
С-ке дейін жүреді.
Лантанды енгізу С3-С4 – алкандардың дегидрлеу реакциясында белсенділігі төмен LaCrO3, LaCrO4
қосылыстарының түзілуіне әкеледі. Олефиндердің максималды шығымы С2-С4 – 39,2%, яғни пропиленнің
жоғары мөлшерде түзілуі 5% Cr/SiO2 қатысуымен байқалды

Загрузки

Опубликован

2021-02-01

Как цитировать

Orynbassar R.O, Aubakirov Y.A, Zhumabekova. A.K, Tastanova L.K, Zakumbayeva G.D, & Tuktin B.T. (2021). CҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗДАРЫН МОНОЖӘНЕ БИМЕТАЛДЫҚ КАТАЛИЗАТОРЛАРДА ӨҢДЕУ. Известия НАН РК. Серия химии и технологии, (1), 55–65. извлечено от https://journals.nauka-nanrk.kz/chemistry-technology/article/view/325