МЕХАНИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.706Түйінді сөздер:
цифрлық білім беру, механика курсы, зерханалық жұмыс, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.Аннотация
Қазіргі заманда цифрлық білім беру жүйесі қарқынды дамып, кеңінен қолданылуда. ЖОО-да физика саласындағы білім беру бағдарламаларына сәйкес студенттерді цифрлық технологияны қолдану негізінде даярлаудың тұжырымдамасы нақтылануда. Зерттеудің мақсаты физиканы оқытуда, атап айтқанда, механика курсынада цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен мүмкіндіктерін айқындау болып табылады. Сонымен қатар, кейбір механикалық құбылыстар мен заңдылықтарды цифрлық ресурстардың көмегімен оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін көрсету. Зерттеу барысында цифрлық ресурстарға талдау, олардың тиімділігін бағалау әдістері қолданылды. Оқыту үдерісінде «Ашық физика 1.1» бағдарламасын қолдану арқылы педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. Нәтижеде білім алушылар цифрлық білім беру ресурстарына қызығушылық танытқаны және тақырыпты меңгеру дәріжесінің артқандығы байқалады. Сонымен қатар, мақалада цифрландыру студенттердің шығармашылық көрсеткіштеріне орасан зор ықпал еткендігі тұжырымдалды. Серпімді және серпімсіз соқтығысу тақырыбының мысалында цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі бағаланды. Зерттеу нәтижелері жоғары және орта оқу орындарында физиканы оқыту барысында жүргізілетін зертханалық жұмыстарды тиімді іске асыруға болатындығын көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы болашақ мамандардың цифрлық құзыреттілік деңгейін жоғарылатудың сипатталған әдістерін одан әрі жетілдірумен және жетілдіру жолдары ұсынумен ерекшеленеді.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (ЖТН «AP19579398»).




