ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬНАЯ ОЦЕНКА СРЕДСТВ РАЗВИТИЯ СЛОВАРНОГО ЗАПАСА НА УРОКЕ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА
DOI:
https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.573Түйінді сөздер:
Түйін сөздер: 6-7 сынып, әдістемелік құралдар, дамыту, ағылшын тілі,Аннотация
Аннотация: Бұл мақала 6-7 сынып оқушыларының ағылшын тілінің сөздік қорын дамытуда қолданылатын әдістемелік құралдардың тиімділігін зерттеуге арналған. Осы орайда біз «6-7 сынып оқушыларының ағылшын тілінің сөздік қорын дамытуға арналған жаттығулар жинағы» деп аталатын әдістемелік кітабымызды эксперимент үшін қолдандық. Бұл зерттеудің мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінің сөздік қорын дамытудың қосымша әдістемелік құралдарының тиімділігін анықтау, яғни мұғалімдер әдістемелік кітап арқылы бақылау тесттерін оқушылардан алады, ол жалпы бөлім бойынша оқушылардың сөздік қорының деңгейін анықтайды. Ал мұғалімдер тестілеуден кейін оқушылардың қанша сөз үйренетінін білетін болады. Егер мұғалімдер оқушылардың деңгейінің төмендегенін анықтаған болса, онда олардың сөздік деңгейін арттыруға жұмыс жасайтын болады. Бұл жағдайда негізгі мәселе оқушылардың берілген сабақтардан не үйренгенін анықтау болып табылады, өйткені кері байланыссыз оқу үдерісінің сапасы төмендеуі мүмкін. Ал мұндай жолдар мұғалімдерге оқу процесінде кездесетін мәселелерді шешуге көмегін тигізеді. Мақсатымызға жету үшін біз осы зерттеу әдістерін (бақылау, тестілеу) қолдандық және бұл әдістер бізге осы зерттеуді терең зерттеуге көмектесті. 6-7 сыныптардан 70-ке жуық оқушы қатысты. Біз оларды эксперименттік топқа және бақылау тобына бөлу арқылы зерттедік. Нәтижесінде алынған нәтижелер жалпы білім беретін мектептердің 6-7 сынып оқушыларына ағылшын тіліндегі сөздерді оқыту үдерісіне ұсынылатын болады. Бір сөзбен айтқанда, ағылшын тілінің сөздік қорын дамытудың әдістемелік құралдары оқушылардың білім сапасын үнемі анықтап, деңгейін көтеру үшін қажет. Өйткені, бүгінгі оқу сапасын арттыруға бағытталған талап кез –келген уақытта өзгеріске дайын болуды қажете етеді. Сондықтан да бұл орайда ұсынылған ақпарат пен әрбір ұсынылған зерттеулер маңызды.




