ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ҚОЛДАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.492Түйінді сөздер:
мақал-мәтел, қазақ тілі, түрік тілі, ұлттық код.Аннотация
Ұлттың ұлттық болмысын, мәденетін, дүниетанымын, ділі мен дінін танытатын құрал – тіл. Тіл өз бойына ұлттық кодты сақтайды. Әр сөздің астарында жасырынған құпия бар. Осында тылсым дүниеге толы тіл құралының бірі – мақал-мәтел. Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелді пайдаланбай сабақ өту мүмкін емес. Қазақ тіліндегі «әйел» тақыбырына қатысты мақал-мәтелдерді қолдану, түбір бір түркі тілінің байланысы мен тарихын көрсету мақсатында түрік тілімен салыстыра отырып, тіл үйретуде қолдану қолжетімді, замауи амалдардың бірі.
Осы мақаламызда қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолдана отырып, студенттердің ауызекі сөйлеу, мақал-мәтелдерді дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыруда қандай тиімді жолмен ұсынуға болатындығы туралы мәселелерді қарастырдық. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары студенттердің жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, студенттердің тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланылыстыра, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.
Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – студенттер белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жету. Студенттерді осындай деңгейге жеткізу үшін мақал-мәтелдерді оқытып, жаттатуға үйреткен тиімді. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі жас өркеннің білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде. Заманауи білім беру мазмұнында тілдің қандай да болмасын құбылыстарын басқа тілдермен салыстыра оқытудың аса жоғары тиімділігі дәлелденген. Біздің мақаламыз да осының бірі көрінісі.




