КӨРКЕМ БІЛІМДЕГІ ЭТНОЭСТЕТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.32014/2025.2518-1467.884Түйінді сөздер:
этноэстетика, рухани мәдениет, көркем білім, халықтық педагогика, мәдени құндылықтар, ұлттық дәстүр, туынды, көркем шығармашылық.Аннотация
Мақала қазіргі кезеңдегі өркениет пен жаһандану дәуірі жағдайындағы этноэстетиканың көркем білімдік аспектісінің мәселелері мен ерекшеліктеріне арналған. Бейнелеу өнері сабақтарында көркем білім берудегі этноэстетиканың теориялық және әдіснамалық ерекшеліктері зерттеледі. Мақалада қазақ ұлттық мәдениетінің эстетикалық құндылықтарын зерттеуге қатысты көркем білімдегі этноэстетиканың теориялық мәселелеріне талдау жасалынған. Көркем білімдегі және педагогикалық өнертанудағы этноэстетиканың мәні мен оны бейнелеу өнері сабақтарында дамыту мүмкіндіктері анықталады.
Зерттеу көркем білім мамандығы студенттерінің эстетикалық мәдениеттерін қалыптастырудың педагогикалық көкейтесті мәселелерін зерттеуге бағытталған. Мақалада көркем білім аспектіндегі этноэстетика түсінігінің анықтамасы беріледі, оның мәні айқындалады, бейнелеу өнері сабақтарында этноэстетикалық мәдениетті дамыту әдістері, формалары сипатталады. Этноэстетикалық мәдениетті дамыту мен ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, салт дәстүрлерге өнер және ұлттық мәдениет арқылы баулудың әдіснамалық негіздері зерттеледі.
Көркемдік және этноэстетикалық байланыстағы кіріктіруге негізделген әдістер, білімгерлерді рухани және мәдени дамытудың жаңаша мүмкіндіктерін ашып, олардың өзіндік шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді.
Жұмыстың мақсаты қазақ ұлттық мәдениеті мен өнерінің негізінде көркем білім берудегі этноэстетиканың теориялық және әдіснамалық мәселелерін зерттеу болып табылады.




