ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.505Түйінді сөздер:
педагогикалық білім, мәдени-білім беру ортасы, кәсіби және мәдени құндылықтар, педагогикалық мәдениетАннотация
Мақалада мәселерді қою мен шешудің өзектілігін
анықтайтын болашақ ұстаздардың тұлғалық дамуына арналған. Зерттеу
мәселелері, ең алдымен қазіргі жағдайда ұстаздарды даярлайтын жоғары оқу
орнының жалпы педагогикалық мәдениетінің дамуына әсер етуінің артуына
байланысты. Соңғы онжылдықта педагогикалық ғылымда педагогикалық
шынайылықты мәдени талдау үрдісі байқалады. Педагогикалық мәдениетті
талдау мәдениетті зерттеу бағытының өзара деалектикалық байланысы
бар, екі негізгі педагогикалық қауымның мәдениеті және тұлға мәдениеті
көрсетеді. Мақалада студенттердің мәдениет деңгейінің төмендігі мәселелері
қарастырылып, «мәдениет» және «педагогикалық мәдениет» категорияларына
талдау жасалған. Педагогикалық мәдениет феноменін түсіндірудегі көптеген
көзқарастар, кәсіби-педагог тұлғасының ажырамас қасиеті және тиімді
педагогикалық қызметінің алғы шарттары ретінде көрсетеді. Кәсіби білім беру
теориясы мен әдістемесіндегі ұстаздың «кәсіби мәдениеті» терминінің іргелі
ұғымдарына ерекше назар аударылған. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі
функцияларын жүзеге асыруға бағытталған кәсіби дайындық концепциясының
мәні, құрылымы және қалыптасу кезеңдері қарастырылады. Педагогикалық
жоғары оқу орны студенттерін кәсіби даярлаудың ғылыми теориялары мен
тәжірибелерінде автормен қайта қарастырылған және жүргізілген зерттеулерге
сәйкес толықтырылған, дәстүрлі түрде психологиялық компоненттен гөрі
педагогикалық компонентке көбірек көңіл бөлінетінін байқауға болады. Қазіргі
уақытта жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің алдында Педагогикалық
қызметті ұйымдастыру, жоспарлау қабілетін ескере отырып, шығармашылық
тұлғаны дамытудың ең жақсы дәстүрлерін сақтау ғана емес, сонымен
қатар жаңа инновациялық бағыттармен байланысты өзгеріп жатқан оқыту
жағдайларына бейімделу міндеті тұр. Зерттеу нәтижелерін жалпылау негізінде
қорытындыларды тұжырымдауға, педагогикалық мәдениеттің құрамдас
бөліктерін ғылыми ізденістерді белгілеуге және мәдение субъектісі деңгейіне
болашақ педагогтардың қажеттілігін айқындауға мүмкіндік берді.




