ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.528Түйінді сөздер:
Түйін сөздер: туризм экономикасы; туризмді басқару; демалыс; туризмді дамыту мәселелері; кластер; туризм индустриясы.Аннотация
Аннотация. Бұл мақалада туризмді дамытудың туристік әлеуетін анықтау және пайдалану жолдары, оларды жетілдіру туралы мәліметтер қарастырылады. Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің даму көрсеткіштері талданады: ресми статистикалық көрсеткіштердің өсу динамикасы, соңғы жылдардағы туристік нысандардың туристерді қабылдауы, туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны. Туризм индустриясы рекреациялық ресурстарды пайдалану негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын ел экономикасының бір бөлігі болып табылады. Қазақстанда бүгінде туризмді реформалау және туристік бизнесті дамыту стратегиясы бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.
Туризмнің тұрақты және әлеуметтік дамуы проблемасы Қазақстан Республикасының бүкіл тарихи дамуында өзекті болды және болып қала береді. Туризмді дамыту өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді: кәсіпкерлікті дамыту, табыс алу, жұмыс орындарын ашу, сол арқылы кедейшілікті азайту. Мақалада Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің негізгі түрлері қарастырылып, сонымен қатар осы аймақтағы туризмнің дамуының негізгі көрсеткіштері мен қазіргі жағдайына талдау ұсынылады.
Түйін сөздер: туризм экономикасы; туризмді басқару; демалыс; туризмді дамыту мәселелері; кластер; туризм индустриясы.




