КӨПТІЛДІ ОРТАДА БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.498Аннотация
Қазіргі Қазақстандық қоғам бүгінде әлемдік интеграциялық
үдерістерге деген ұмтылыспен сипатталады. Мұнда жаңғырту үдерісінде
жетекші орынды білім алады. Жаһандану дәуірінде басқа мәдениеттермен
диалог жүргізуге қабілетті жастарды тәрбиелеудің тиімді шарттарын,
тетіктерін іздеу процесінің жандануы байқалады. Қазіргі әлемдегі тілдердің
рөлін түсіну тілдерді оқытудың тиімділігі және оқушылардың тілдік дайындық
деңгейін арттыру туралы мәселе туғызады. Көптілді ортада болашақ биология
мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық
шарттар жүйесі жоғары білім сабақтастығының жалпы мәселелерін зерттеу
негізінде әзірленді. Тиісті теориялық материалды жүйелеу нәтижесінде
педагогикалық университет жүйесіндегі көптілді ортада студенттердің
ақпараттық құзыреттілігінің сабақтастығы принципін іске асырумен
байланысты педагогикалық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған көп
деңгейлі кешендердің (оқытудың дидактикалық бірліктерінен бастап білім
беру жүйесіндегі басқару құрылымдарына дейін), органикалық жиынтығы
ретінде "педагогикалық жағдайлар" ұғымына анықтама берілді. Педагогикалық
жағдайлар, әдетте, міндетті сыртқы талаптардың жиынтығын білдіреді, оларды




