БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.32014/2022.2518-1467.362Түйінді сөздер:
болашақ мұғалімдерді даярлау, физикалық эксперимент, функционалдық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы, құзыреттілікАннотация
Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұнының жаңартылуына байланысты болашақ мұғалімдерді оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағыттау мәселелері қарастырылды. Қазіргі таңда оқытуда алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалау, білімді өз бетінше қабылдау мен оны тәжірибеде қолдану, өз бетінше болжамдау іскерлігі мен әлеуметтік ортада бейімделу біліктері оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда негізгі көрсеткіштері болып табылады.
Зерттеу барысында оқушылардың студенттермен "Физика" пәні бойынша ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды. Физикалық зертханалық және демонстрациялық экспериментті жүргізу барысында нақты дағдылардың қалыптасуы бақыланды.
Зерттеу нәтижелері білім алушыларда ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстың, оның ішінде оған қажетті физикалық құбылыстар туралы қорытынды жасау, физикалық ұғымдар мен заңдар арқылы техникадағы табиғи құбылыстар мен процестерді түсіну және түсіндіру, өзбетінше тұжырымдар жасау және болашақта көрінетін заңдылықтарды болжау құзыреттіліктерінің тиімділігін көрсетті. Жұмыста ұсынылған бағыттар және олардың мазмұны физика ғылымының қоршаған ортамен байланысы негізінде білімді кеңейтуді қамтамасыз етеді және дағдылар мен құзыреттіліктерді тиімді дамытуды қамтамасыз етеді




