Это устаревшая версия, которая была опубликована 2021-08-15. Прочтите самую последнюю версию.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

Авторы

  • Лайля Маткаримова КазНПУ имени Абая

DOI:

https://doi.org/10.32014/2021.2518-1467.128

Ключевые слова:

Ключевые слова: национальная экономика, валовой внутренний продукт, обрабатывающая промышленность, пандемия коронавируса, мировая экономика, мировой кризис, экономический рост.

Аннотация

Қазақстанда соңғы жылдары жалпы ішкі өнім көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, өсімнің жартысынан астамын тікелей немесе жанама түрде тасымалдау, бастапқы өңдеу және шикізат саудасын қоса алғанда, шикізат экономикасына тиесілі болып келеді. Шикізат экономикасының өсуіне мұнай мен металдарға қолайлы бағалар, сондай-ақ оларды өндірудің өсуі ықпал етеді, бұл өз кезегінде экономиканың аралас және өзге салаларының өсуіне мүмкіндік береді. Экономикалық тұрғыдан алғанда Қазақстанда ағымдағы жағдай тұрақты деп айтуға болады. Сапасы жағынан толық деңгейде болмасада, экономикалық жағынан өсімі бар, яғни мақалада авторлар осы сұрақтарға жауап іздейді.
Егер экономикалық өсу сандық өзгерістерді – сол тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынудың артуын білдірсе, онда экономикалық даму – бұл оң сапалық өзгерістер, яғни өндірісте, қызметтерде, басқаруда және тұтастай экономикадағы барлық инновациялар болып табылады. Даму процестерінің тиімділігі көбінесе экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігімен анықталады. Экономикалық дамудың әртүрлі модельдері бар, бірақ жоғары инвестициялар есебінен адами капиталдың құны мен сапасының өсуі, тиімді басқару, инновациялық жүйенің тиімділігі, экономиканың жоғары бәсекеге қабілеттілігі, ұзақ мерзімді кезеңде жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуі, халықтың өмір сүру сапасын арттыру экономикасы дамушы барлық елдер үшін ортақ болып табылады. Осы айтылған сұрақтар мақалада негізделеді. Сонымен қатар, мақалада Қазақстан Республикасындағы ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі және ЖІӨ-нің ағымдағы бағалардағы серпіні бойынша 1995-2020 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтермен бағалау жасалады.
Мақалада Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуында экономиканың өңдеуші секторы өндіруші секторға қарағанда мемлекеттің үлкен қолдауын талап ететіндігі және бүгінде әлемдік экономика жағдайының жұмыс істеу шарттары өзгермелі болып бағалануы да айтылады.
Барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің экономикасын талдауға негіз болатын үш басты ерекшеліктерін бөліп көрсетеді, олар: жоғары дамыған қаржы саласының болуы; технологиялардың жетілдіріліп отыруына негізделген жоғарытехнологиялық экономика; елде қуатты трансұлттық корпорациялардыңболуы. Одан басқа мақалада Қазақстандағы өткен 2020 жылғы ақпан айларында ішкі экономикаға Covid-19 коронавирустық пандемиясының әлемдік экономикаға теріс әсерінен сақтану аясында сыртқы сектордағы құбылмалылықтың өсуінің әсер етуі талданады. Сондай-ақ мақалада ұлттық экономиканың құрылымы іс жүзінде қалыптасқан қатынастар жүйесімен сипатталатын жекелеген элементтерін бөліп көрсетеді және ұлттық экономиканың құрылымның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларда қарастырылады.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2021-08-15

Версии

Как цитировать

Маткаримова, Л. (2021). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ. «Вестник НАН РК», 1(4), 6–13. https://doi.org/10.32014/2021.2518-1467.128

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)