ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Аннотация
Нарықтық экономикалық жағдайда кез-келген компания мен ұйымдар бәсекеге қабілетті
болу үшін негізгі құралдарын үнемі жаңартып отыру қажет. Негізгі құралдарды қайта өңдеу процесі
компанияның меншікті және қарыз капиталы қаражаттары есебінен қаржыландырылуы мүмкін елеулі
күрделі салымдарды талап етеді.
Мақалада көптеген елдер үшін өзекті мәселелелердің бірі болып табылатын Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі, динамикасы бағаланады, негізгі құралдарды өндіруге салынған
инвестициялар көздерінің құрылымы және салалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияларға
талдау жасалады.
Қазақстандық компаниялардың инвестициялық қызметін әртараптандыру бағыттары анықталады.
ЖІӨ-дегі негізгі капиталға салынған инвестицияның үлесі салыстырмалы түрде беріледі. Инвестициялық
ресурстардың ел ішінде өз деңгейінде болмауы, экономиканың жекелеген салаларында шектелуі болуы
кезінде инвестициялық жетіспеушіліктерді шетелдік инвестициялар арқылы реттеп, толықтырып отырады.
Осыған байланысты инвестициялық белсенділіктің өсуі ЖІӨ-нің өсуіне әкеледі. Мақалада осы аталған
сұрақтар мен ЖІӨ-нің өсу динамикасы сурет түрінде қарастырылады.
Ғылыми мақала тақырыбының өзектілігі қазіргі әлемде көптеген елдерде мемлекеттік дағдарысқа қарсы
жоспарды іске асырудың негізгі бағыттарының бірі салалар бойынша негізгі капиталға инвестициялаудың
инновациялық көздерін іздеу проблемаларын және олардың тиімділігін бағалау мәселесі болып отыр.
Осыған байланысты мақалада компанияның инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажеттілігі, сонымен қатар
олардың сыртқы және ішкі орта жағдайларының өзгеруімен анықталатындығы қарастырылады.
Мақалада авторлар Қазақстанда инвестицияны негізгі капиталға салудың басты мақсаты мен факторларын атап өтеді. Өйткені, болашақта пайда табуды арттыру және бизнесті одан әрі жетілдіру үшін нарықта
мықты бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен инвестициялар салу қажетті болып табылады.