ПЕСТИЦИДПЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚ ҮЛГІЛЕРІНЕН БӨЛІНІП АЛЫНҒАН ГЕТЕРОТРОФТЫ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЖӘНЕ ДЕСТРУКТИВТІК БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Г. Ж. Абдиева
  • П. С. Уалиева
  • А. М. Мәлік
  • Ұ. А. Абылаева
  • Б. Е. Рахымжанова

Ключевые слова:

пестицид, биологиялық қасиеттер, деструктивті белсенділік, штамм-деструктор, биоремедиация.

Аннотация

Мақалада Қызылқайрат, Белбұлақ пестицидпен ластанған топырақ үлгілерінен бөлініп
алынған микроорганизмдердің биологиялық қасиеттері және деструктивтік белсенділіктері зерттелініп,
топырақ биоремедиациясында пайдаланылу ерекшеліктері көрсетілген. Пестицидпен ластанған топырақ
үлгілерінен бөлініп алынған микроорганизмдерге морфология - культуралдық және физиология – биохимиялық, деструктивтік қасиеттері бойынша зерттеу жүргізілді. Биологиялық қасиеттері бойынша К2, К3,
КС1, СК2, АК1, АК5 штамдары жоғарғы белсенділік көрсетті. Зерттеуге алынған барлық микроорганизмдердің деструктивтілік қасиеттері бойынша белсенділік көрсеткен 4 штамм іріктелініп алынып, түрге дейін
идентификацияланды: Pseudomonas plecoglossicida К2, Bacillus aryabhattai К3, Solibacillus isronensis КС1
және Bacillus amyloliquefaciens СК2. Іріктелініп алынған штамдардың ішінен Solibacillus isronensis КС1 және
Bacillus amyloliquefaciens СК2 штамдарының пестицидтің әртүрлі концентрациясы қосылған ортада өсу
белсенділігі жоғары болды. Әрі қарай осы штамдарды зерттеу биотехнологиялық процестерде, пестицидтерді ыдыратуда және топырақ биоремедиациясында қолдануға мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2021-02-12

Как цитировать

Abdieva G. Zh., Ualieva Perizat Serikkazievna, Malik Azhar Malikkyzy., Abylayeva U. A., & Rakhymzhanova B. E. (2021). ПЕСТИЦИДПЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚ ҮЛГІЛЕРІНЕН БӨЛІНІП АЛЫНҒАН ГЕТЕРОТРОФТЫ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЖӘНЕ ДЕСТРУКТИВТІК БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Научный журнал «Доклады НАН РК», (1), 24–33. извлечено от https://journals.nauka-nanrk.kz/reports-science/article/view/268

Выпуск

Раздел

Статьи