ҮШФАЗАЛЫ ЭЛЕКТРОГЕНЕРАТОРЛАРЫНА СЫРТҚЫ МАГНИТТЕРДІҢ ӘСЕРІ

Авторы

  • А.Ж. Оспанова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Г.Н. Шиникулова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Н.Н. Шиныкулова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Е.Б. Джуманов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32014/2023.2518-1483.194

Ключевые слова:

асинхронды электрогенератор, статор, ротор, магнит электрқозғалтқыш

Аннотация

Жұмыста асинхронды электр қозғалтқыштарының жұмыс істеу
принциптері бойынша зерттеулер жүргізілді. Асинхронды электр машинасы,
механикалық энергияны электр энергиясына немесе электр энергияны
механикалық энергияға түрлендіруге, әрі электр энергиясын параметрлері
өзгертілген электр энергиясына айналдыруға қолданылатын, кеңінен тараған
қондырғы екені белгілі. Дегенмен, мұндай электр қозғалтқыштардың
энергетикалық тиімділігін арттыру мақсатында жасалған жұмыстар өз құнын
жоғалтпады. Мақалада электр генераторының жұмысына, корпус сыртына
жапсырылған магниттердің әсері қарастырылды. Генератордың номиналды
жағдайындағы өлшемдері алынды, тәжірибе жүзінде генератордың сыртқы
корпусына жабыстырылған магниттердің қозғалтқыш қуатына әсерін
зерттелді, айналу жиілігінің айналу моментіне, айналу жылдамдығына,
қуатқа әсері қарастырылды, сараптама жүргізілді. Тәжірибе қорытындысы,
генератордың номиналды жағдайдағы айналу моментінің жиілікке тәуелділігі,
қозғалтқыш қуаты 40 Вт болған кездегіге қарағанда 0,9 %-ға төмен екенін
көрсетеді, қуаттың номиналды кездегі жиілікке тәуелділігі қозғалтқыш
қуатынан 0,24 %-ға төмен екенін көрсетеді, корпус сыртына жапсырылған
магниттер айтарлықтай корпус ішіндегі магнит өрісіне, не токқа, не кернеуге,
не қуатқа әсер ете алмайтынын көрсетті. Магнит таяқшаларының әсері,
оның өлшеміне, орналасуына, формасына да тәуелді. Бұл тәжірибе нәтижесі
бойынша, қуат өзгерісінің өте аз екенін ескерсек, магнит таяқшаларының
магнит өрісінің бар екенін айтуға болады.

Загрузки

Опубликован

2023-03-31

Как цитировать

А.Ж. Оспанова, А. О., Г.Н. Шиникулова, Н.Н. Шиныкулова, & Е.Б. Джуманов,. (2023). ҮШФАЗАЛЫ ЭЛЕКТРОГЕНЕРАТОРЛАРЫНА СЫРТҚЫ МАГНИТТЕРДІҢ ӘСЕРІ. «Доклады НАН РК», 345(1), 192–205. https://doi.org/10.32014/2023.2518-1483.194

Выпуск

Раздел

ФИЗИЧЕСКИЕ НАУКИ